Жасанды жапырақ күн сәлесінің көмегімен дәрі істеп шығара алады (видео)
Жасанды жапырақ күн сәлесінің көмегімен дәрі істеп шығара алады (видео)
3 күн бұрын 465 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дәпіні әзірлеу процесінің машақаты көп әрі көп уақытты алады. Ең бастысы – дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын аса күрделі химиялық элементтер қоршаған ортаға зиянды. Бұл жайында islam.kz порталы tue.nl ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ейднховен техникалық университетінде жұмыс істейтін голландиялық ғалымдар «жасанды жапырақ» деп аталатын технология көмегімен дәріні қауіпсіз, оңай әрі тиімді жолмен синтездеудің әдісін тапты. Ғалымдар әзірлеген қондырғы химиялық реакцияны бастау үшін күн сәулесін пайдаланатын шағын реактордан тұрады. Табиғаттағы фотосинтез проецсі сияқты "жасанды жапырақ" күн энергиясын сіңіру арқылы химиялық синтезді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта әзірлеушілер дәрі-дәрмектің екі түрін: безгекке қарсы артемизининді және паразитке қарсы аскаридолды өндіре бастағанын мәлімдеді. «Жасанды парақ» технологиясы түрлі химиялық реакцияларға бейімделе алады, сонымен қатар, ауа-райының күрт өзгеруі кезінде тұрақты өндіру қабілетін жоғалтпайды. Өнертапқыштардың негізгі мақсаты - арзан энергия көздері арқылы экологиялық жағынан зиянсыз дәрі-дәрмек өндірісін құруға саяды. "Жасанды парақ" қондырғысының дизайны немесе құрылымы жарықтың сыну коэффициенті жоғары арнайы органикалық шыныдан жасалған. Мұндай материал өте арзан және оны көп мөлшерде өндіруге болады. Фотосинтез принципін қолдана отырып, күн сәулесі "жасанды жапырақ"арналары арқылы өтетін сұйықтық молекулаларына әсер етеді. Нәтижесінде химиялық реакция басталады. Ауа райы нашарлаған кезде жарық азайған жағдайда ғалымдар химиялық реакцияның өту жылдамдығын төмендететін жүйені ойлап тапты. Мұндай генератор үшін негізгі "шикізат" – жарық. Тіпті, Марс планетасында да жұмыс істей береді. Ғалымдар тобы алдағы жылы "жасанды парақ" технологиясын қолданатын қондырғыларды жаппай сынақтан өткізу және жаппай өндіріске шығару үшін демеуші мен фармацевтикалық компания табуды жоспарлап отыр.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6