Ғалымдар семіздікпен күресудің инновациялық әдісін тапты
|
Ғалымдар семіздікпен күресудің тиімді әрі тың тәсілін ойлап тапты. Бұл арада аш ішектегі майды сору әдісі турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар емдік, яғни, терапиялық молекулаларды тікелей ас қорыту жүйесіне деткізетін нанобөлшектер жасады. Мұндай технология дұрыс тамақтанбаудан артық салмақ қосудың алдын алады немесе жол бермейді. Бұл бағытта негізінен майды сіңіруге жауапты SOAT2 ферментіне айрықша назар аударылған екен. Ғалымдар организмге түскен майдың мөлшерін кемітетіндей етіп аталған ферментті бұғаттау тәсілін тапқан. Ғалымдар талай жылдан бері май алмасу тетігін таппаған еді, дәлірегі, майды сіңіру тетігін бұғаттаудың тиімді жолы таптырмаған еді. Негізінде осы уақытқа дейін семіздікпен кұресудің барлық стратегиясы майлы тағамдарды тұтыну мөлшерін азайтуға бағытталған болатын. Алайда, бұл стратегия нәтижелі болмай шықты. Осыны ескеріп, майды организмнің өзі сіңіру (жою) жолдарын қарастыруға көшті. Бұл жүйе ашш ішекке молекуланы жеткізетін капсуладан тұрады. Кемііргіштерге жүргізілген тәжірибе барысында майды көп тұтынса да тышқандар артық салмақ қоспады. Мұндай ем-дом шарасы қауіпсіз, кері әсері жоқ, тиімді.