|
Ғалымдар: қалта телефоны мен Wi-Fi онкологиялық ауру тудырады
|
Күндіз-түні ұялы құрылғыны жанынан тастамайтындар үшін жағымсыз жаңалық келіп жетті. Ғалымдардың Electromagnetic Biology & Medicine беделді басылымында жариялаған мақаласына сәйкес, сымсыз әрі сәнді гаджеттер адамды онкологиялық дерттерге шалдықтыруы мүмкін. Бұл жайында 24.kz хабарлайды.
Себебі, смартфондар мен өзге де сымсыз құрылғылардан тарайтын радиация ағзада метаболикалық тепе-теңсіздік тудырады. Ал бұл құбылыстың соңы обыр мен өзге де ауруларға әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, қалта телефонын үнемі пайдаланудан бас ауырып, адам шаршап, тері тітіркенеді екен. Дәрігерлер түнде жатар орыннан қалта телефоны, планшеттерді алысқа шығарып тастап, уай-файды сөндіріп жатуға кеңес беруде, деп жазады informing.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Индонезиялық компания өз елінің қажылары үшін Меккеде қонақ үй тұрғызады
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Жасанды зерде тарапынан төнетін қатер дағдарысқа ұласуы мүмкін