Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
1 сағат бұрын 26 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы заманңы жасушалық ем-дом ққатерлі ісікпен тиімді күресуге мүмкіндік бергенімен мұндай терапия иммундық жасушаны әзірлеуге көп уақыт кететіндіктен наауқастардың көбісіне жете бермейді. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Stem Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал жаңа әдіс иммундық жасушаларды ертханада пациенттерге жететіндей етіп өсіруге көмектеседі. Канададағы Британиялық Колумбия университетінің ғалымдары қатерлі ісікті емдеуде үлкен жетістікке жетті, дәлірегі, діңгекті жасушалардан Т-хелперлерді өсірудің тәсілін тапқан. Бұл жаңалық өз кезегінде арзан әрі дертке қарсы тиімділігі жоғары дәріні көптеп өндіруге жол ашады. Қатерлі ісікпен Т-киллер және Т-хелпер арқылы күрескенде тиімді. Т-киллер қатерлі ісік жасушаларына шабуыл жасайды, ал Т-хелперлер иммундық жүйені үйлестіреді және басқа иммундық жасушаларға ұзақ және тиімді күресуге көмектеседі. Алайда, пациенттердің иммунды жасушаларын қайта бағдарламалау және оларды қатерлі ісік жасушаларын жоюға жіберу үшін бір пациент үшін бірнеше апта қажет. Ғалымдар зертханада Т-киллерді қалыптастыра алғанымен Т-хелперді өндіру үшін тиімді тәсілді таба алмады. Зерттеушілер иммундық жасушаларды қалыптастыру үшін Norch деп аталатын даму сигналының өте маңызды рөл атқаратынын анықтады. Бұл сигналды жасушалар дамуының бастапқы сатыларында бағдарлап, оның әрекет ету уақытын түзетіп, Т-киллерлерді немесе Т-хелперлерді алуға болады.

0 пікір
Мұрағат