Доңыздан адамға жұғатын аса қауіпті супер бактерия табылды
Доңыздан адамға жұғатын аса қауіпті супер бактерия табылды
3 жыл бұрын 2394 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Clostridioides difficile деп аталатын супер бактерия доңыздан адамға жұғатын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған бактерия көптеген антибиотикке төзімді келеді. Ғалымдар таяуда Даниядағы 14 шошқа фермасында кездескен Clostridioides difficile супер бактериясын зерттеген екен. Нәтижесінде доңыздан табылған бактериялардың антибиотикке төзімділік танытуына көмектесетін көптеген гені анықталды. Мұндай гендер адамға да, доңызға да жұғатын супер бактериядан да байқалған. Бұдан бөлек, Clostridioides difficile бактериясы 514 шошқаның 54-нен табылған. Clostridioides difficile бактериясы көбінесе торайлар мен доңыздың жатырында кездескен. Clostridioides difficile – адамның ішегіне таралатын, осы заманғы антибиотиктің тек үш түрінен өзгелеріне бой бермейтін қауіпті бактерия. Оның кейбір қоздырғыштары адам ішегінде қабыну тудыратын у істеп шығаратын генге ие. Clostridioides difficile бактериясы бір ғана АҚШ-тың өзінде 2017 жылы 223 900 адамға жұғып, бұл дертке шалдыққан науқастардың 12 800-і көз жұмған.

0 пікір
Мұрағат