Биологиялық қартаюдың жаңа себебі белгілі болды
Биологиялық қартаюдың жаңа себебі белгілі болды
4 жыл бұрын 2810 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары жануар жасушасының митохондриясынан қартаюға кедергі келтіретін арнайы тетікті тапты. Митохондрия — жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін жасуша ішіндегі органелла. Митохондрия бір мезгілде өте улы затты – оттегінің белсенді түрін бөліп шығарады. Жас ұлғайған сайын оттегінің белсенді түрі арта береді, ал бұл фактор өз кезегінде қартаю процесін тездетеді. Олай дейтініміз, митохондрия бөлетін оттегінің белсенді түрі ақуызды, липидті зақымдап, ДНК-де мутация тудырады. Сондай-ақ, ғалымдар сүтқоректілер организімінің тіндерінде жасуша митохондриясында оттегінің белсенді түрінің бөлінуіне кедергі келтіретін арнайы тетік барына көз жеткізген еді. Аталмыш тетік митохондрия мембранасындағы электрлік әлеуетті бақылауға келетін деңгейге дейін азайта алады. Ал ол өз кезегінде оттегінің белсенді түрінің бөлінуін тежейді. Кәрілікке бой алдыра бастаған жануарларда (мәселен, тышқанда) бұл тетік істен шығады, алайда, қартаюдың не екенін білмейтін сүтқоректілерде (жаңалаш жер үңгуші) бұл тетік жұмыс істей береді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жаңалық өз кезегінде кәрілікке қарсы бағдарлама іспетті, оның функциясы жас ұлғайған сайын белгілі бір шекке дейін организмнің әлсіреу процесін тежеуге саяды. Содан соң биологиялық қартаю процесі толық күшіне енеді.

0 пікір
Мұрағат