Бақадан қатерлі ісікке қарсы бактерия табылды
Бақадан қатерлі ісікке қарсы бактерия табылды
2 сағат бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алдыңғы қатарлы ғылымдар мен технологиялар институтының (JAIST) ғалымдары профессор Эйдзиро Мияконың жетекшілігімен қатерлі ісікті емдеуге деген көзқарасты толығымен өзгертетін жаңалық пайда болды.Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар аса күшті ісікке қарсы әсері бар жапон ағаш бақасының (Dryophytes japonicus) ішегінен бөлінген бірегей Ewingella americana бактериясын анықтады. Микробиомаға кері әсер ететін заманауи әдістерден айырмашылығы - оны модификациялау немесе трансплантациялау арқылы жапон ғалымды түбегейлі жаңа тәсілді қолданды. Бактерияны өсіріп, ісікке әсер етуі үшін жануарлардың ағзасына тікелей енгізген. Бұл тараптағы тәжірибе барысында зерттеушілер ағаш бақалардың ішегінен 45 бактерия штаммын (қоздырғышын), отты-қыш түсті тритондар мен шөп кесірткілерінен бөліп алды. Тоғыз штамм обырға қарсы белсенділікті көрсетті, алайда, ең жоғары тиімділікті дәл осы E. americana танытты. Кеміргіштердегі колоректалды обыр моделінде бір рет енгізілген бұл бактерия барлық жануарларда ісіктердің толық жойылуыны ықпал етті, осылайша бұл ем-дом PD-L1 антиденелері бар иммунотерапияға және доксорубицин химиотерапиясына қарағанда тиімдірек болып шықты. E. americana әрекет ету тетігі екі принципке негізделген: біріншіден, факультативті- анаэробты микроорганизм ретінде бактерия ісіктің гипоксиялық бөліктерінде селективті түрде жинақталады және өзінің ісік тініндегі шоғырлану деңгейін тәулігіне 3000 есе арттыра отырып, қатерлі ісік жасушаларын бұзады. Екіншіден, ол Т- және В-лимфоциттердің, нейтрофилдердің және қабынуға қарсы цитокиндердің келуін ынталандыра отырып, иммундық жүйені жандандырады. Бұл процесс қатерлі жасушалардың апоптозына ықпал етеді. Мұндай айрықша әдіс-тәсілді қолдануды ұйғаратын бірегей ем-домның денсаулыққа қауіпсіздігі де расталды: бактерия ағзадан тез шығарылады, сау ағзаларды зақымдамайды. 60 күнге созылған бақылау кезінде ауру жануардың бойынан созылмалы уыттылық белгілері анықталған жоқ. Күншығыс елі ғалымдарының бұл жаңалығы қатерлі ісік терапиясында табиғи микроорганизмдерді пайдаланудың мүмкіндігі қаншалықты зор екенін көрсетеді, ол ол ма, ем қонуы ең қиын ісіктерді емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеуге жол ашады

0 пікір
Мұрағат