Ақпаратты ДНҚ-да сақтау тәсілі пайда болды
Ақпаратты ДНҚ-да сақтау тәсілі пайда болды
4 жыл бұрын 3565 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Цифрлық бинарлы файлдарды биологиялық «қоймада» жинаудың технологиясы пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы techradar.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, бұл тақырыпта бұрын да сөз еткінбіз (қараңыз: «Ақпаратты ДНК-де тиімді сақтаудың әдісі табылды" - https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-dnk-de-tiimdi-saqtaudyn-adisi-tabyldy-13868/#gsc.tab=0). Бүгінгі күн – ақпарат заманы, адамзаттың жан-ақты дамуы үшін ақпараттың маңыздылығын айтпасақ та білесіздер, алайда, не көп – ақпарат көп, оны сыйымдылығы жоғары әрі сақталу қауіпсіздігі сенімді, ұзақ мерзімге сақтайтын технологияның да маңызы артып келеді. Бүгінгідей ақпаратсыз аяқ басудан қалған уақытта ғалымдар бұл бағытта ақпаратты сақтаудың табиғи көздеріне жүгіну арқылы бұл проблеманышешкісі келетін талпынысы өз жемісін бере бастады десе де болады.

Ғалымдардың айтуынша, ДНҚ молекуласы ақпаратты сақтаудың жоғары тығыздылығына ие. Лос-Аламос ұлттық зертханасының ғалымдары ақпаратты молекулярлы «қоймада»жинау, яғни, жазу кезінде қателікті барынша азайтуға әрі салмақты проблеманы түзетуге мүмкіндік беретін тың әдіс ойлап тауыпты. «Біздің программалық бағдарламамыз, ДНК (ADS Codex) бейімдеуші сақтау кодексі компьютер түсінетін, биолог ғалым түсінетін деректерді аударады. Бұл ағылшын тілінен қытайшаға аудару секілді нәрсе, алайда, әлдеқайда күрделі келеді»,- деп түсіндірді аталмыш жобаға жетекшілік еткен Лачар Ионков. Бұл жобаның жақын-жуықтағы мақсаты – 1ТБ ақпаратты жазуға әрі 24 сағатта 10 ТБ ақпаратты оқуға болатын ДНҚ-да сақтау технологиясын әзірлеу. Мұндай сервистің құны 1000 доллардан кем түспейін деп тұр. ДНҚ мейлінше аз шығынмен барынша мол ақпаратты сақтауға мұмкіндік береді. Архивтік маңызы да зор бұл технология биологиялық материалға негізделгенін тағы бір мәрте айта кетпекпіз.

Ұқсас материал:

«Генетикалық ақпаратты сақтайтын, ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын жалғыз қайнар – ДНК емес...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/genetikalyq-aqparatty-saqtaityn-urpaqtan-urpaqqa-tabystaityn-jalgyz-qainar-dnk-emes-12681/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат