Әлемде тұңғыш рет: мұсылман елінде жасанды интеллекті университеті ашылады
|
Әбу-Даби қаласында әлем бойынша тұңғыш рет «жасанды интеллекті» пәні мен аталған технологияға қатысты пәндер ғана оқытылатын университет ашылады. Mohamed bin Zayed University of Artificial Intelligence (MBZUAI) деген атау берілген аталмыш жоғарғы оқу орны келесі жылы ашылатын болады. MBZUAI-де студенттермен қатар жасанды интеллекті технология саласына қатысы бар бизнес өкілдері де, мемлекеттік қызмектерлер де білім ала алады. Аталмыш университет осы заманғы озық технологияның қыр-сырын үйрететін болады. Осынау жоғарғы оқу ордасының қамқорлық кеңесінің жетекшісі болып мемлекеттік министр Сұлтан Ахмет әл-Жабер тағайындалды. Аталған кеңес құрамына, сондай-ақ, әлемге әйгілі әрі беделі жоғары Оксфорд, Мичиган, Массачусет және Бейің университеттерінің профессорлары кірген. Сөз орайы келгенде айта кетейік, 2030 жылға қарай әлем экономикасындағы жасанды интеллекті үлесі 16 трлн долларды құрайтын болады, ал Біріккен араб әмірлігінің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 14%-ға жетпек.