Әлемде тұңғыш рет жасанды көз мүйізгегі сәтті орнатылды
Әлемде тұңғыш рет жасанды көз мүйізгегі сәтті орнатылды
3 жыл бұрын 2555 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша тұңғыш рет жасанды көз мүйізгегі (имплант) Құдыс қаласындағы Шарей Седек медицина орталығында мұқтаж пациентке қондырылды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көз мүйізгегі ауруларының мамандары аталмыш жаңалықтың медициналық маңызына тоқталды. Дәлірегі, әлемде тұңғыш рет бсып шығарылған жасанды көз мүйізгегін қондыру отасы екі аптадай уақытқа созылған. Бұл бағыттағы ота, яғни, трансплантациялық операция көз мүйізгенінің қалпына келтіру уақытын қысқартатын және имплантты жатырқауды болдыртпайтын бірегей тәсіл арқылы орындалады. Бұл тарапта израилдік білікті мамандар, атап айтқанда, Шарей Седек медицина орталының көз мүйзгегі және хирургия маманы Лирон Берковиц, аталмыш орталықтың офтальмология бөлімінің меңгерушісі профессор Давид Цадок бұл оқиғаны болашаққа жасалған тағы бір қадам деп бағалады. Өйткені, науқас көз ауруларының көптеген түрлеріне, яғни, патологиялық дертке шалдыққан, организмі бұрынғы жасанды көз мүйізгегін жатырқап келген екен. Қалыңдығы 50 микрон болатын, «Israeli Medical App EyeYon» статапының зертханасында басылып шыққан EndoArt синтетикалық көз мүйізгегінің импланты ақыры  сәтті қондырылған.

0 пікір
Мұрағат