|
Әлемде алғаш рет супер компьютер мен кванттық компьютер гибриді жасалды
|
Таяуда Перттегі (Батыс Австралия) Поуси ғылыми-зерттеу суперкомпьютерлік орталығында (Pawsey Supercomputing Research Centre) квантты компьютер мен суперкомпьютердің әлемдегі алғашқы гибриді пайда болды. Бөлме температурасында жұмыс істеуге қабілетті және Quantum Brilliance неміс-австралиялық компаниясы әзірлеген квантты процессор тіреулердің біріне орнатылды және жаңа HPE Cray Ex Setonix суперкомпьютерінің ішкі жүйелерімен байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Квантты компьютер әдеттегі компьютерге қарағанда үлкен артықшылыққа ие. Кванттық тетіктер негізге алынатын құрылғыда есептеу кванттық биттер, кубиттер бір уақытта белгілі бір жай-күйде де, сондай-ақ, бірнеше жай-күйде болуы есебінен есептеерді параллел және өте шапшаң жүргізе алады, бұл кванттық суперпозиция жай-күйі деп аталады, ал деректер кванттық шатасу құбылысын пайдалану есебінен кубиттен кубитке бірден берілуі мүмкін. Қолданыстағы кванттық есептеу жүйелерінің көпшілігінің негізгі қиындығы - олардағы кубиттер ретінде абсолюттік нөлге жақын температурада жұмыс істейтін, өткізу қабілеті аса жоғары материалдардан жасалған элементтер пайдаланылады. Осындай терең салқындату қажеттілігі есептеу жүйелерінің құнын артырады, яғни, орасан зор энергияны тұтынады. Мұндай шығынға жол бермес үшін Quantum Brilliance мамандары бөлме температурасында жұмыс істей алатын кванттық процессор әзірледі. Бұл процессордың кубиттері азотты бос орындарға, синтетикалық алмастың кристалды торындағы жасанды ақауларға негізделген. Мұндай кубиттер температуралық ауытқулар мен механикалық тербелістерге сезімтал емес. Ал сыртқы электромагниттік тербелістерден қорғау үшін әдеттегі әдістер қолданылады, соның ішінде экрандаумен де эжлектрлі-сагниттік тербелістерден қорғауға болады.