WASP 3D принтері көп шығын шығармай баспана салуға мүмкіндік береді (видео)
WASP 3D принтері көп шығын шығармай баспана салуға мүмкіндік береді (видео)
3 ай бұрын 871 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Біріккен Ұлттар Ұйымы WASP компаниясынан баспана тапшылығын тартқан Колумбия тұрғындары үшін 180 000 долларға 3D үй басып шығару қондырғысын сатып алды. Оның көмегімен бар болғаны 1000 долларға көп шығын шығармай үй салады.  Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Crane 3D принтерінің ең маңызды ерекшелігі - ол кез келген дерлік жергілікті шикізатты пайдалана алады. Дәлірегі, топырақ, лай немесе сазды құрылыс материалы ретінде пайдалануға мүмкіндік бермек, ал ауыл шаруашылығы қалдықтары толтырғыш ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл тәсіл шикізатты жеткізу үшін қымбат тұратын логистикалық инфрақұрылымды қажет етпейді. Сонымен қатар, орнатылуы оңай және шалғай жерлерде баспана тұрғызуға мүмкіндік береді. Crane WASP жобасы ұясын балшықтан соғатын масон араларының қабілетіне қарап жасалды. WASP өкілдері 3D принтердің, тіпті, ойлы-қырлы жерлерде де қолдануға болатын әмбебап тіреуішпен жабдықталғанын хабарлады. Оның үстіне, бал ұялары түрінде тұтас ауылдарды салу үшін бірнеше принтерді біріктіруге болады. Құрылыстың басталу мерзімі жарияланған жоқ, десе де аталмыш технология мұқтаж жандарға жеке баспана алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

0 пікір
Мұрағат