Typhoon жауынгерлік модулімен ұшқышсыз ұшақтың жойылуы көрсетілді (видео)
|
Израилдің Rafael компаниясы әскери мақсатқа арналған шағын дрондарды қағып түсіретін, қашықтан басқарылатын Typhoon (Тайфун) жауынгерлік модулін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Defense News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Видеода кеме тұмсығына орнатылған модулді көруге болады. Сонымен бірге, электро-оптикалық көздеу жүйесінің жұмысын көрсетілген, оның көмегімен 30 мм зеңбірек дронға бағытталған, дрон кейіннен жойылды. Typhoon бағдарламалық жасақтамасына сәйкес ұшқышсыз ұшу аппаратын аулауға қажетті функциялардың санын азайтуға болады. Аталмыш модул он оқ атуға қабілетті, ал бір дронды жою үшін бір немесе екі ату жеткілікті. Компания өкілдері қораныс қабілетін нығайту үшін ұшқышсыз ұшақтармен тиімді күресу жолдарын іздестірудің маңызы артып келе жатқанын мәлімдеді. Осы мақсатта жаңартылған модулдің ату қабілеті 200-ден 400 снарядқа дейін ұлғайтылды. Typhoon қондырғысының атқан оғының ұшу қашықтығы үш шақырымға жетеді.