Тұтас бір елдің аумағындай суасты өсімдігі күллі адамзатты аштық апатынан құтқара алады
Тұтас бір елдің аумағындай суасты өсімдігі күллі адамзатты аштық апатынан құтқара алады
2 жыл бұрын 2142 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдар тарихта тұңғыш рет жердің барлық түкпіріндегі суасты орманы туралы деректерді жинады. Бұл жайында islam.kz порталы theconversation.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың есебі бойынша балдырдың планетадағы жалпы аумағы 7,2 млн шаршы шақырымға жетеді. Десе де нақты мәлімет толық жиналған емес, өйткені, жасанды жер серігі су астындағыларға бақылау жүргізе алмайды. Осыған байланысты ғалымдар балдырдың нақты аумағын қолмен анықтауды көздеп отыр. Қазірдің өзінде планетадағы балдыр аумағының Амазония орманының барлық аумағынан асып түсетіні белгілі болды. Теңіз орманында флора мен фауна әр алуан болып келеді, биіктігі зәулім үйдей алып балдырлар, газ тәрізді суаты ағынымен бірге толқынданған өсімдіктер, таңғажайып шырғалаңдар бар. Олардың айналасында өмір қайнап жатыр және мұның бәрі азық ретінде тұтынуға жарамды. Ғалымдар балдырлардың жер бетіндегі дәнді-дақылдың ең жақсы сорттарынан 11 есе көп биомасса өндіретінін есептеп шығарды. Бұған қоса, балдырда тіршілік ететін теңіз жануарларының өзі адамзатты аштық апатынан құтқаруға жетеді. Балдырлардың тағы бір артықшылығы - барлық өсімдіктер сияқты олар фотосинтезді пайдаланады және өсіп келе жатқанда көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетеді. Мәселе мынада: балдырлы ормандар мұхиттарда біркелкі емес орналасқан және олардың таралу географиясы үнемі өзгеріп отырады. Балдырлар қазір жылы жақтағы теңіздерде жойылып жатыр, алайда, теңіз жылынып, мұздан босаған сайын қоңыржай ендіктерде олардың өсуі жеделдеуде.

Подводные леса

Ұқсас материалдар:

«Теңіз өнімдерін арттыруға қалай қол жеткізді» (https://islam.kz/kk/news/alem/teniz-onimderin-arttyruga-qalai-qol-jetkizdi-11647/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат