Түріктер жаяу әскердің жүргізушісіз жүретін жауынгерлік көлігін жұртшылық назарына ұсынды (видео)
|
Түріктің Aselsan компаниясы қазан айының екісі күні басталған Teknofest-2024 көрмесінде жаяу әскердің ZMA-X жүргізушісіз жүретін жауынгерлік көлігін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы TurDef ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ACV-15 жаяу әскерінің жауынгерлік машинасы негізінде құрастырылған көлік 25 мм автоматты зеңбірек пен түтінді гранатометтері бар, қашықтан басқарылатын Nefer жауынгерлік модуліне ие болды. Nefer атыс басқару жүйесі қозғалатын нысандарды автоматты түрде бақылауға және дәл соққылар үшін есептеулерді орындауға қабілетті. Хабарламада айтылғандай, жүргізушісіз жүретін ауыр техникаларды пайдалану тұжырымдамасы экипажы бар сауытты техникаға қолдау көрсетуді қамтып қоймай, сонымен қатар, жаяу әскерге атыста, барлауда көмекші құрал ретінде және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету құралы ретінде алға шығады.