Соңғы бір ғасырда ерлер әйелдерге қарағанда бойы ұзарып, екі есе салмақ қосқан
Соңғы бір ғасырда ерлер әйелдерге қарағанда бойы ұзарып, екі есе салмақ қосқан
4 сағат бұрын 72 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Лондондағы Рохамптон университетінің ғалымдары 1900 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі адамдардың бойы мен салмағы туралы деректерді талдады. Осы кезеңде ерлердің өсу қарқыны әйелдерден едәуір озып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Люиса Хэлси есімді профессор бұл тарапта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін сараптамадан өткізген екен. Дәлірегі, ғалымдарды адамдардың өмір сүру сапасына қарай бойы мен салмағының қаншалықты өзгергені қызықтырған. Бұл бағытта адамның даму индексі пайдаланылған екен: соның ішінде өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі, әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайы ескерілген. Бірнеше ондаған елдердің бұл тараптағы мәлімет талдауының нәтижесіне сенетін болсақ, адам дамуының индексі 0,2 баллға ұлғайған кезде әйелдер шамамен 1,7 сантиметрге бойы өсіп және 2,7 келі ауыр тартқан. Ерлерде бұл көрсеткіш: бойы 4 сантиметрге өскен және 6,5 келі салмақ қосқан. Ғалымдардың тұжырымынша, аадамның бойы мен дене бітімі денсаулыығының негізгі көрнекі көрсеткіші бола алады.

0 пікір
Мұрағат