Смартфонды зарядтайтын күнқағар саудаға шығарылды (видео)
Смартфонды зарядтайтын күнқағар саудаға шығарылды (видео)
1 ай бұрын 893 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ерекше қалпақ күн батареяларымен жабдықталған. Осылайша балық аулауға, жағажай демалысына және саяхаттауға таптырмас гаджет пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы theverge.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Батареялар мен автономды қуат көздерін өндіретін халықаралық EcoFlow компаниясы төтенше жағдайда тығырықтан құтқара алатын инновациялық өнімді ұсынды. Бұл арада қуат өндіре алатын EcoFlow Power Hat құрылғысы турасында сөз болып отыр.  Жаңа өнім өндірушінің ресми сайтында саудаға шығарылды. EcoFlow Power Hat өкілдері смартфонды 4000 мАч аккумулятормен 3-4 сағатта зарядтай алатынын мәлімдеді. Энергияны күнқағардың бүкіл периметрі бойынша орналасқан арнайы күн панелдері шығарады. Бұл панелдер икемді монокристалды кремниден жасалған және пассивті радиатормен жабдықталған. Power Hat зарядты сақтауға және оны 12 Вт қуатпен босатуға қабілетті. USB-A және USB-C порттары басқа құрылғыларды қосу үшін қамтамасыз етілген. Қосатын жері бас киімнің артқы төменгі жағында орналасқан. Күнқағар шалшыққа немесе құмға былғанса да жұмыс істей береді, өйткені, ол IP65 стандартына сәйкес ылғал мен шаңнан қорғайды. Аксессуар екі өлшемде: орташа және үлкендеуі бар. Біріншісі 56–58 см диапазонында реттеледі, екіншісі – 59–61 см. Power Hat салмағы – небәрі 370 грамм. Power Hat  күнқағарына тамыз айының 31-не дейін алдын ала тапсырыс беруге болады. EcoFlow өзгеше қалпақты қыркүйектің ортасында жаппай саудаға шығара бастайды. Алдын ала тапсырыс бағасы – 79 доллар. 

 

0 пікір
Мұрағат