Шоколадтың бағасын түсірудің әдісі табылды
Шоколадтың бағасын түсірудің әдісі табылды
1 ай бұрын 976 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша шоколад өндірісі климат дағдарысына байланысты ауыр кезеңде тұр. Бұл тығырықтың түп-төркіні шоколадтың негізін құрайтын какао ағашында жатыр – құрғақшылық пен саңырауқұлақ ауруларына байланысты какао өндіретін елдердің түсімі көп төмендеп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Applied Ecology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, тығырықтан жол іздеген фермерлер какао плантацияларын кеңейту есебінен өндірісті кемітіп алмауды әрі сұранысты қанағаттандыруды ойлайды. Оның өзі орманды отау есебінен жүретіндіктен қоршаған ортаға орасан зор залал келтіруде. Германиядағы Геттинген университетінің ғалымдары бұл тығырықтан шығудың жолын тапқан секілді: көп жылғы ағаштарға жас өскіндірді транспланттау жолымен өнімділікті арттырмақ. Бұл әдіс ересек ағашқа жас өскіннің бұтағын импланттауды ұйғарады. Ересек ағаштың қатайған тамыр жүйесін пайдалануға, оның тәжін толық ауыстырып отыруға мүмкіндік береді. Аталмыш тәсіл жеміс ағаштары үшін бұрыннан бері қолданылып келеді, алайда, какаоға қатысты салдары мен әсері зерттелмеген еді. Ғалымдар бұл әдісті Перуде өзінің нәзік хош иісімен танымал Бланко-де-Пиура какао сортын ересек ағаштарға транспланттау арқылы тексеіп көрген екен. Екі жылдан кейін өнімділігі 45%-ға артқан. Бұдан басқа, ғалымдар мұндай технологияның зиянкестермен күресте қааншалықты маңызды рөл атқаратын да назардан тыс қалдырмады: жәндіктер мен арахнидтерге қалай әсер ететінін зерттеді. Олардың саны уақытша азайғанмен, арада жарты жыл өткенде биологиялық әралуандылық толық қалпына келді. Осылайша бұл әдістің экологиялық жағынан қауіпсіздігіне көз жеткізілді. Осы орайда Кот-д’Ивуар мен Гана аумақтарында шоколадтың жаһандық үлесінің 50%-ы өндіріледі. Африка құрлығының батысында какао вирусынан астықтың 50%-ы жойылуда. Бұл вирусты өсімдік жапырағымен, топырақпен қоректенетін ұн тозаңына ұқсайтын ерекше жәндік тасымалдайды. Пестицид секілді зиянкестермен күресуге арналған химиялық заттарға төзімді келетіндіктен фермерлер дерт шалған какао ағашын кесіп тастауға тура келеді. Ауру басқа ағаштарға таралмасы үшін. Соның өзінде соңғы жылдары Гана 254 млн-нан аса какао ағашынан айырылған. 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6