Сандық зерде қазірдің өзінде адамның тұлғалық қасиеттерін 85% қайталай немесе көшіре алады
|
Google компаниясының сарапшылары Стэнфорд университетінің ғалымдарымен бірігіп, замануи нейрожелілер мен жасанды зерде мүмкіндіктерінің айтарлықтай артқаныни анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы goha ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта бірқатар тәжірибе жүргізілген екен. Тәжірибелердің мәні мынаған саяды: 1000 адам әлеуметтік жағдайынан бастап өмірлік басымдықтары мен жеке тәжірибесіне дейінгі мәселелер бойынша түрлі тест тапсырды. Осы деректердің барлығы жасанды зерде арқылы талданып, кейін олардың негізінде виртуалды АІ көшірмелері жасалды. Енді олар осындай сауалдарға жауап бере отырып, өз сынағын тапсырды. Оның нәтижесі таң қалдырады: жауаптардың 85%-ы көшірмелер жасалған тірі адамдардың жауаптарымен тұспа-тұс келді. Ал мұндай көшірмелерді жасау үшін бар-жоғы екі сағат қана уақыт кеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл бағыттағы тәжірибе мақсаты адамның түрлі жағдайдағы қалауы мен таңдау мүмкіндігін, сондай-ақ, олардың әр алуан саладағы (заңнамадағы өзгерістерден бастап қоғамдық пікірге дейінгі) неге артықшылық немесе басымдық беретінін анытауда жатыр.