Сал ауруына шалдыққан науқас Apple Vision Pro-ды ойша басқарды (видео)
Сал ауруына шалдыққан науқас Apple Vision Pro-ды ойша басқарды (видео)
4 ай бұрын 930 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сал ауруына шалдыққан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нейроинтерфейстерді әзірлейтін Synchron компаниясы Apple Vision Pro гарнитурасын басқаруға мүмкіндік беретін имплантты қолданудың алғашқы нәтижесін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы businesswire.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тестілеу амиотрофиялық бүйірлік склерозбен (ALS) ауыратын адамға ойын ойнауға, бейнелерді көруге, тіпті, «ой күшін» пайдалана отырып, мәтіндік хабарламалар жіберуге мүмкіндік берді. Марк есімді егде (64) жастағы ер адам ALS сал ауруымен ауыратындықтан қолдарын қимылдата алмайды. Ол бұрын Synchron имплантына ие болған еді. Нейрондық интерфейс пациенттің ми қыртысының беткі жағына инвазивтілігі төмен процедураны қолдану арқылы орнатылды. Құрылғы қозғалыс ниеті сигналдарын анықтайды және сымсыз түрде жібереді. Бұл жолы ғалымдар сигналдарды Vision Pro басқаратын командалар үшін анықтайды (құпиясын шешеді – декодтайды). Нәтижесінде Марк гарнитураның немесе Apple кеңістіктік компьютерінің интерфейсімен өзара, қолдарын қозғалтпай әрекеттесе алған. Марк кеңістіктіті сезіндіретін компьютердің көмегімен мүгедектер бұрын-соңды болмаған жерлерге барып, мүмкін емес сезімдерді қайта сезіне алатынын жеткізіп, өз әсерімен бөлісті. Сонымен қатар, гарнитура мен нейроимплант смарт құрылғылармен өзара әрекеттесуге, жақын адамдармен сөйлесуге және виртуалды шындықты зерттеуге мүмкіндік береді.

  

0 пікір
Мұрағат