Психиканы бұзатын мамандықтар
Психиканы бұзатын мамандықтар
9 жыл бұрын 3922

«Сен маған досыңды көрсет, мен саған кім екеніңді айтамын» деген мәтел бар. Осы мәтелді «сен маған немен айналысатыныңды айт, мен саған кім екеніңді» айтамын деп өзгертуге болады. Адамның мамандығы біршама уақыт өткеннен кейін (негізі 5-6 жылдан соң) оның бойына ізін қалдыра бастайды. Ізін қалдыруға икемді әрі мінез өзгерісіне әкеліп соғатын мамандықтарды ұсынып отырмыз.

Заңгер 
Бұл мамандықты көп жағдайды күдікшіл әрі кез келген нәрсеге ұқыптылықпен қарайтын адамдар таңдайды. Уақыт өте бұл қасиеттер «қарапайым» адамдарды қағажытуға әкеліп соғып, абсурдқа дейін барады. Себебі заңгерлер жеке қарым қатынастардан да кемшіліктер мен проблема іздей бастайды. Гиперақпараттану заңгерлерді «ботаникке» айналдырып жіберуі мүмкін.

Есепші 
«Есепші –диагноз» деген әзіл сізге таныс болар. Шынымен де бұл мамандық иелері өздерінің асқан іскер роліне еніп алып, тіпті өз өмірлері мен сезімдерін сандарға айырбастап алады. Есепшілер бәрін нақты, дұрыс жасауға үйренген. Ал экстремальдық жағдай мен эксперимент, не болмаса жаңа дүниелер оларға сақтануға, қорқынышқа бейім екендігін көрсетеді. Біраз уақыттан соң есепшілер қыңқылдақ, езбелікке бейімделеді. Ал мұндай қауіптен сақтану үшін олар қағаздарын тастап, айналасындағы адамдармен араласып, қарым қатынасқа түскені дұрыс. Әйтпесе Н.В. Гогольдің «Шинель» повесіндегі екінші Акаки башмачкинге айналмасына кепілдік жоқ.

Дәрігер
Дәрігерлер өз тәжірибесінде жазылуы қиын аурулар мен қайғы және өліммен кезігетіні белгілі. Сол себепті де бұл мамандық психиканы бұзуға бейім мамандықтардың бірі болып есептеледі. Дәрігер өз емделушісі үшін үлкен жауапкершілік алады. Көп жағдайда дәрігерлердің цинизмі, бәріне селқос қараушылық, эмоциональды жабық болуы олардың көріп жүрген қайғы-қасіреттерден, стресстерден сақтануы үшін писхологиялық тұрғыдан жабық болуымен түсіндіріледі.

Әскери қызметкер 
Әскери қызметкерлер қатал тәртіптің адамы екені баршамызға мәлім. Олар көп жағдайда отбасы мүшелерін де «сапқа тік тұрғызып», отбасыдағы диктаторға айналып жатады. Психологтардың айтуынша, әскери қызметкерлер уақыт өте өз мінезінің деформацияланып, тәртіптің құлына айналады. Ал мінез деформацияға түскен жағдайда оны қалыпқа келтіру өте қиын. Офицер — бұл өмір кейпі.

Журналист
Журналист мамандығын таңдаған жандар табиғатынан қарапайым әрі тұйық. Кез келген істе олар көлеңкеде қалғанды дұрыс көреді (Ол бұл оқиғада басты кейіпкер, ал мен жәй сұхбат алып тұрмын). Сондай-ақ олар қызыққұмар келеді. Әрине, журналистика тәжірибесін жылдан жылға арттырып келеді, дегенмен, қорытындысы әрқашан жақсы бола бермейді. Мамандықты иеленген жан эгоцентризм мен ашық ожарлыққа бейімделе бастайды. Адам бойында өзінің өмірін сүріп жатпаған секілді сезім пайда болып, патологиялық ауытқушылықтар басталуы мүмкін.

Мұғалім
Мұғалімдер жиі тәкәппарлыққа ұрынады. Мұғалімдікті мамандық етуге тырысқандардың көбінің бойында өзін өзі өсіре бағалауға бейімділік байқалады. Әрине, тұлға ретінде қалыптасып үлгермеген баланың жанында басты ролдегі, үлгі боларлық тұлға болу оңай. Кейде мұғалімнің менмендігі отбасындағы авториттарлыққа да әкеліп соғады. Мұғалімдерге өздерін өзгенің орнына қоя білу көмектеседі. Сонымен қоса, сабырлы және қарапайым болуға тырысу оң септігін тигізеді.

Психолог
Психолог болғысы келетіндердің алдымен, өзін-өзі жөнге келтіріп алғысы келетіндігі құпия емес. Себебі сіздің емделушіңіздің «тараканждарын» жөндеймін деп отырып, өзіңіздің проблемаларыңызды ұмытып не болмаса шешілу мерзімін өткізіп алуыңыз мүмкін. Ал жеке проблемалар күрделенуге бейім. Тағы бір айтта кететін жайт, психологтар алдам психологиясы туралы білімге қанық болғандықтан, кей кездері олар айналасындағыларды өз керегіне жарату үшін манипуляторға айналып кетеді. Тіпті, адамдарды кезекті зерттеу обьектісіне де айналдырады.

Сатылым жөніндегі менеджер
Тауар сату, өтуі қиын болғандықтан болар, оны сата білу таза бір өнер секілді бағаланады. Тауар сату алдындағы адамды қулыққа, алдауға, өтірік айтуға мәжбүрлейді. Тәжірибелі сатушылар - жылпос адамдар. Аталған мамандықтың тағы бір кемшілігі артық сөзге бейімдік және жеке өмірді жұмыспен шатастыруға әкелетін шектен шыққан артистизм. Бұл мамандық иелеріне жұмыс туралы көп ойлауға болмайды.

vk.com әлеуметтік желісінен алынды

0 пікір
Мұрағат