Озон қабатының жұқаруының бір пайдасы анықталды
Озон қабатының жұқаруының бір пайдасы анықталды
3 жыл бұрын 2904 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары озон мөлшері азайғанда бидай түсімі әдеттегіден 20%-ға артуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінзе Синхуа ақпарат агенттігіне жөн сілтеге Science and Technology Daily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, озонның беткі жағының ластану деңгейі артқан сайын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсуі баяулап, аз астық береді. Нанкин ақпараттық ғылым және технология университетінің ғалымдары озонға байланысты күріш пен жүгері және бидай түсімінің салыстырмалы түрде қанша мөлшерде кемитініне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Бұл тарапта күллі Азияның озон деңгейіне қатысты тәжірибелерді, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның 3000-ге тарта өңіріндегі ауаға жүргізілген мониторингті ескерген. Ғалымдар бұл бағытта озонға байланысты шығыс Азиядағы ауыл шаруашылық өнімдерінің 63 млрд доллар шығын көргенін анықтаған. Аталмыш зерттеу материалы Nature Food мерзімді басылымында жарияланған болатын. Нақтырақ алғанда, озон қабаты атмосфераға бөлінетін ластаушы заттарды азайту есебінен еі есе жұқарса, Қытай аумағында өсірілетін күріш түсімділігі 10%-ға, бидай 21%-ға және жүгері 4%-ға артады.

0 пікір
Мұрағат