Өзіңмен бірге алып жүруге қолайлы, жиналмалы, құрастырмалы велисопед құрастырылды (видео)
Өзіңмен бірге алып жүруге қолайлы, жиналмалы, құрастырмалы велисопед құрастырылды (видео)
5 жыл бұрын 2746 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары ұзын сонар кептеліске байланысты ірі қалаларда велисопедке сұраныс артқан. Әлбетте, жанар-жағармайды қажет етпейтін осынау шағын көлік түрін адамға барынша қолайлы болуы үшін жетілдіруді қажет етеді. Мәселен, велисопедпен жүргенде аяқ астынан қоғамдық көлікке мінуге тура келетін немесе кеңсеге, дүкенге өзімен бірге алып кіруге тура келетін жағдайлар кездеседі. Алайда, велисопедтің құрылымы, дәлірегі, дөңгелегінің көлемі бұған ыңғай бермей келген еді. Жиналмалы әрі құрастырмалы, сонымен қатар,  өзіңмен алып жүруге қолайлы болуы үшін көлемі шағын болуы тиіс. Тіпті, шағын велисопедтер құрастырылғанымен олардың жылдамдығы азайып, т.б. қолайсыздықтар туындаған болатын. Калифорнияға келген Алекс Анимашон есімді ағылшын конструкторы бұл бағытта төңкеріс жасайтын тапқырлығымен көзге түсті. Стандартты велисопедті өзіңмен алып жүруге қолайлы, жиналмалы әрі құрастырмалы велисопедке айналдырды. Яғни, Tuck Bike деп аталатын, дөңгелегі бүктелетін велисопед ойлап тапты. Дөңгелегі 700C класының көміртекті талшығынан дайындалған әрі іші желмен толтырылмайтын шинасы тесіліп қалмайтын пенистік материалдан жасалды. Бұл жайында 24gadget.ru ақпарат көзі хабарлады.

(Ықшамдалып алынды - ред.)

Tuck Bike - велосипед со складывающимися колесами (2 фото + видео) 

 

0 пікір
Мұрағат