Мұхит деңгейі соңғы 25 жылда 8 сантиметрге көтерілді
|
Халықаралық ғалымдар тобы жасанды серіктен алынған суреттерді сараптап, соңғы 25 жылда мұхит деңгейі 7,7 сантиметрге көтерілгенін анықтады. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, мұхит деңгейі әр жылы 3,1 миллиметр жылдамдықпен көбейгенін көрсеткен. Сонымен бірге, жылдамдық әр жылы 0,1 миллиметрге артып отырған. Бұл көрсеткіш жер шары ауасының жылып бара жатқанының айқын дәлелі. Зерттеу нәтижелері TOPEX/Poseidon миссиясы, “Арго” океанографик жобасы, GRACE гравиметриялы жасанды жер серігінен алынған суреттердің негізінде жасалған. Әлемдегі мұхиттар климаттың жаһандық өзгерудегі негізгі көрсеткіштерінің бірі. Қалған параметрлер - мұхиттың температурасы және жылуды сіңіру, парниктік газдардың мөлшері, мұхиттардың қышқылдығы, мұздықтар және теңіз келесі орындарда. Мыңдаған шақырымды алып жатқан мұхиттың 7 сантиметрге көбеюі өзгеріссіз сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, мұхит деңгейінен бірнеше сантиметр биікте орналасқан елдімекендер үшін бұл апатты жағдай. Мысалы, тынық мұхитындағы Корал аралдары. Қазіргі уақытта аралдарда адамдар өмір сүреді және бұл мәселе олар үшін өте маңызды. Айта кетсек, осыған дейін адамзат алдағы 17 жыл ішінде жер бетіндегі ауа райына деген көзқарасын өзгертпесе, Жер атмосферасындағы өзгерістерді тоқтата алмай, ауаның орташа температурасы + 2 градустан асып кетуінің алдын алу мүмкін еместігі туралы жазған едік.