Масалар қашып құтыла алмайтын немесе жасырына алмайтын жүйе жасалды (видео)
Масалар қашып құтыла алмайтын немесе жасырына алмайтын жүйе жасалды (видео)
1 ай бұрын 874 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің Bzigo стартапы Iris деп аталатын ерекше құрылғыны іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада маза бермейтін масаны аулайтындарға көмектесетін бақылау жүйесі турасында сөз болып отыр. Өкінішке қарай, құрылғы «қанішер» жәндіктерді өз бетінше жоя алмайды. Ерекше құрылғы бөлменің кеңістігін сканерлей келе арнайы жасанды зерде (AI) көмегімен масалардыі бар-жоғын немесе орнын анықтай алады. Бірегей жүйе қараңғыда жұмыс істеу үшін ажыратымдылығы (әр затты ажырату қабілеті) жоғары камера мен инфрақызыл сенсорларды пайдаланады. Нейрондық желі мейлінше жетілдірілгендіктен басқа жәндіктерді, шаң тозаңдарын және шыбын-шіркейді масадан ажырата алады. Сол себепті, масадан «көз жазбайды». Масаны тапқаннан кейін қадағалауға алады және жәндік қонған кезде бұл туралы сигнал береді. Құрылғы пайдаланушының смартфонына хабарлама жібереді, сонымен қатар, масаның өзіне қауіпсіз, қызыл лазер жарығын түсіреді. Егер бір емес, бірнеше маса болса, олардың барлығының қонған жері қолданбада белгіленеді және маркер әрқайсысының орнын көрсету үшін қозғалады. Жәндіктерді жоюға арналған, электрмен ұшатын шыбын негізгі құрылғымен бірге беріледі. Өзгеше комплекті 399 доллар тұрады.

0 пікір
Мұрағат