Mас күйінде көлік жүргізуді мәңгілікке жоюға көмектесетін шешім табылды
Mас күйінде көлік жүргізуді мәңгілікке жоюға көмектесетін шешім табылды
1 жыл бұрын 1001 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарында мас күйінде көлік жүргізуге біржола тосқауыл қоятын бастама қолға алынды. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіз көлік қозғалысы басқармасы (NHTSA) автокөлік өндірушілерден алкогол құлыптарын орнатуды талап ететін түзетулер енгізді. Қауіпсіз көлік қозғалысына қатысты жаңа стандарт келесі жылы қабылдануы мүмкін. Автокөлік алыбы General Motors корпорациясы мен жапондардың Toyota компаниясы  аталмыш бастамаға қолдау білдіріп, жаңа ережеге сәйкес әрекет ететінін мәлімдеді. NHTSA-ның есебі бойынша мас күйінде көлік жүргізуден АҚШ жыл сайын 280 миллиард долларға шығын көреді. Мас күйінде көлік жүргізу АҚШ жолдарындағы өлім-жітімнің негізгі себебіне айналған. 2021 жылдың соңында 13 384 адам мас жүргізушінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды. Ендігі жерде көлік жүргізуші «ұрттап» алса, алкоқұлып автоматты түрде іске қосылады да көлік жүргізушісіне көлікті жүргізуіне мүмкіндік бермейді. Алкогол құлпы  Cadillac Vistiq кроссоверінде алғашқы болып орнатылуы мүмкін, дәлірегі, 2025 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Аталмыш заң жобасы қабылданған бетте мас күйінде көлік жүргізу мәселесі бірден жойылмайды, өйткені, АҚШ-та 300 миллионға жуық автокөлік бар және қысқа мерзімде барлық көліктерді алкоқұлыппен жабдықтау мүмкін емес. 

 

0 пікір
Мұрағат