«Мәңгі ұшатын» беспилотник сынақтан сәтті өтті (видео)
«Мәңгі ұшатын» беспилотник сынақтан сәтті өтті (видео)
2 ай бұрын 784 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бірегей аппарат күн энергиясының көмегімен ұшады әрі жанар-жағармайды қажет етпейтіндіктен әуеде ұзақ уақыт бола алады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық Skydweller Aero компаниясы Skydweller ұшқышсыз ұшу аппаратын құрастырып, жұртшылық назарына ұсынды. Инженерлер ұшу аппаратының адам көмегін қажет етпейтін дербестігін дамытуда (автономдығын) орасан зор жетістікке жетті. Ұшу сынағы Миссисипиде өтті. Аталмыш компания өкілдері атап өткендей, ұшу сынағы 16 және 22,5 сағатқа созылды - осы уақыт ішінде құрылғы әуеде болды. Атмосфераға арникті газ бөлмейті, яғни, қоршаған ортаны ластамайтын айрықша аппарат айлар бойы жерге қонбай, сапарын жалғасыра алады. Skydweller көміртекті талшықтан жасалған. Қанатының ұзындығы 72 метрге жетеді – «лемге әйгілі Boeing 747 ұшағының ұзындығымен салыстыруға келеді, салмағы 2,5 тонна тартады және ол 13,7 мың метр биіктікке қосымша 363 келіге дейін жүк көтере алады. Дрон толығымен күн энергиясынан қуат алады. Осының арқасында ол электр қуатын қажет етпейді. Бұл дронды жанар-жағармаймын ұшатын көліктердің мүмкіндігі жетпейтін шалғай жерлерді шолуға, мысалы, мұхиттағы есірткі саудагерлерінің немесе теңіз ұарақшыларының жүк кемесін бақылауға, сондай-ақ, жабайы жануарлар мониторингісін жүргізуге пайдалануы мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат