Криптовалютаның әлемдегі кедейлікпен күресудегі маңызы
Криптовалютаның әлемдегі кедейлікпен күресудегі маңызы
6 жыл бұрын 2569 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Криптовалютаның өзіндік ерекшелігі дейміз бе, әлде басқаша атайсыз ба, өз еркіңізде, тке бір айтарымыз: электронды ақша биліктің жөнсіз бақылауынан әрі қаражат аудару кезіндегі көптеген делдалдар мен кедергілерден құтқарады. Алайда, криптовалюта бақылауға келмесе, оны лаңкстер өзінің арам мақсатына пайдалануы мүмкін. Қауіпті жағы осында. Цифрлық монета ақша аударуды, алуды, айырбастауды жеңілдетуі, тездетуі керек еді, алайда, адамзат бұған әлі қол жеткізе қойған жоқ. Мұны халықаралық төлем жүйесінен анық байқауға болады. Дүниежүзілік банк келтірген мәліметке қарағанда, өткен жылы, яғни, 2017 жылы еңбек мигранттарының аударған қаражаты 450 млрд долларды құраған. Алайда, соның 32 млрд доллары әлі күнге жіберілген аданың қолына тимеген. Бұған транзакциялық шығындардың жоғары болуы себеп болып отыр. Қазіргі уақытта әлемде ақша аудару ісімен банктер мен Western Union және MoneyGram секілді халықаралық төлем жүйелері айналысады. Олардың белгіленген комиссиясы тым жоғары әрі түрлі шектеулер мен бюрократиялық кедергілер де осы заманғы озық технологияны тездетіп қолға алуды қажет етіп отыр. Оның үстіне, аударылған ақша жетер жеріне жетіп болғанша түрлі қаржылық қызметтерден біршама уақыт жоғалтады. Айналып келгенде еңбек мигранты тапқан табыстың 7 пайызы осындай қажетсіз шығындарға кетеді. Әлемде еңбек мигранттарының арасында филиппиндіктердің қарасы көп – шамамен 10 млн адам отанынан тысқары жерлерде жұмыс істеп, нәпақасын айырып жүр. Олардың дені ай сайын туған-туысқандарына ақша салып отырады. Аталған ақша аудару комиссиясына кететін 7 пайыз шығын ондаған миллиондаған жетеді. Қазіргі халықаралық ақша аудару жүйесінің қаншалықты ескіргенін көрсетіп береді осы айтылғандар. Осыған байланысты криптовалютаның болашағы зор. Мәселен, транзакциялық төлем құнын бар-жоғы 5 пайызға азайтқанның өзінде жыл сайын 16 млрд доллар үнемдеуге болады. Бұл өз кезегінде әлемдегі кедейлікпен күресуге айтарлықтай көмегін тигізеді. Бұдан бөлек, инвестицияның құйылуын жақсартады.

0 пікір
Мұрағат