Коррупциямен күресудің тиімді жолы айтылды
|
Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық әлемнің көптеген елінің негізгі проблемасына айналған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «БизнесДром» ресейлік сараптама орталығының бас директоры Павел Самиевтің мәлімдемесіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекет қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін мұндай жат әдеттің алдын алу үшін Қытай секілді кей автократиялық елдерде дүние-мүлкі тәркілеуден бастап, өлім жазасына кесуге дейінгі осынау жат әдетке тосқауыл қоюға көмектесетін шаралар қарастырылған. Алайда, мұндай ауыр жазаның өзі жат құбылыспен күресте тиімді бола бермейтінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Дегенмен, осы заманғы озық технология коррупциямен күресте тиімді құрал бола алады. Дәлірегі, цифрлы валюта жобасын қолданысқа жаппай енгізу коррупцияның арқылы алдын алуды бастама етіп көтеріп жатыр. Өйткені, цифрлы влюта жобасы мемлекеттік қызметкерлерге төленетін жалақы мен мемлекеттік тапсырыспен аударылатын қаржының ел назарында болуына көмектеседі. Аталмыш жоба ақшаның жылыстауына да, яғни, капиталдың қолды болуына да, көлеңкелі бизнестің өркендеуіне де жол бермейді. Осы орайда Украина президенті кеңсесінің жетекшісінің орынбасары Ростислав Шурма таяуда елдегі қолма-қол ақшамен есеп айырысуға толық тыйым салу турасында бастама көтергенін айта кетпекпіз. Елдегі коррупциямен күресу үшін.