Жапондардың өсімдікті тозаңдандырушы дрон-жәндігі (видео)
Жапондардың өсімдікті тозаңдандырушы дрон-жәндігі (видео)
2 жыл бұрын 1605 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның AIST институтының ғалымдары азық-түлік қауіпсіздігі маңызы орасан зор тозаңдандыратын аралардың жойылу қатеріне байланысты өсімдікті жасанды жолмен тозаңдандыратын дрон жәндіктерді жасады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Futurism дерек көзіне жөн сілтеген Apparat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды ара - салмағы шамамен 15 грамм және өлшемі шамамен 4 сантиметр болатын, ара түсімен камуфляждалған (безендірілген) миниатюралық (яғни, шағын) квадрокоптер. Оның «мұрттары» жабысқақ гелмен қапталған жылқының қылынан жасалған. Салмағының аз болуының арқасында гүлге зақым келтірмей отыра алады, электр импулсі арқылы тозаңды аулап, көрші гүлге тасымалдайды. Осынау ерекше құрылғыны жасауға атсалысқан Ейдзиро Миако есімді күншығыс елінің ғалымы болашақта оны барынша дербес ету үшін оған (тозаңдандырушы дрон-жәндікке) жасанды сана орнататындарын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат