|
Жаһандану процесі кері сипат алып барады
|
Бірнеше ғасырға созылған Жаһандану процесі өз шыңына жетіп, енді кері процесс басталған сыңайлы..
Тарихқа көз жүгіртсек, Жаһандану – бірден пайда болған құбылыс емес, ол кезең-кезеңмен дамыған процесс. Оны бірнеше тарихи сатыға бөліп қарауға болады:
1. Ежелгі кезеңдер:
Халықаралық сауда жолдары (Месопотамия, Үнді, Қытай) арқылы тауарлар мен мәдениет алмасуы.
Мысалы, Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батыс арасында тауар, білім, технология қозғалды.
2. XV–XVIII ғасырлар (Еуропалық колонизация кезеңі):
Еуропалық державалардың Азия, Африка және Америкаға экспансиясы.
Сауда, капитал, жаңа өнімдер мен технологиялар халықаралық деңгейге шықты.
3. XIX ғасыр (Индустриялық революция):
Темір жол, пароходтар, телеграф арқылы әлемдік байланыс күшейді.
Өнеркәсіптік тауарлар халықаралық нарыққа шықты.
4. XX ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасыр:
Компьютер, интернет, телекоммуникацияның дамуы жаһандану үдерісін тездетті.
Глобалдық экономика, халықаралық корпорациялар, миграция, мәдени алмасу осы кезеңде қарқынды дамыды.
Енді жаңа әлемдік тәртіптің белгілері байқала бастады.
Әлем әлі де жаһандық деп саналады, бірақ жаһандық жүйе ыдырап, жаңа бөлшектерге айналуда. Сауда, жұмыс күші, капитал мен мәдениетке қатысты еркін қозғалыс бұрынғыдай емес.
Тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы жаңа кедергілерге ұшырап отыр. АҚШ президенті Трамптың кедендік баж салықьарын енгізуі әлемдік саудада айтарлықтай тосқауыл болды.
ДСҰ-ның рөлі де әлсіреді.
Жұмыс күшінің еркін қозғалысы шектеуге ұшырады. H-1B визаларына $100 000 төлем енгізілуі, шетелдік жоғары білікті мамандардың АҚШ нарығына кіруін күрт азайтты. Мұның артында – америкалық жұмысшылардың мүддесін қорғау және жасанды түрде төмендетілген жалақыларға тосқауыл қою.
Капиталдың еркін қозғалысы да бұрынғыдай емес. Мемлекеттік активтерді тұтқындау, банктерді қаржы жүйесінен ажырату – бұл жаңа нормаларға айналуда. Мысалы, Швейцарияның UBS банкі капитал қозғалысына қойылған қатаң талаптар мен айыппұлдардан кейін штаб-пәтерін АҚШ-қа көшіруді қарастыруда.
Мәдениет саласында глобалды Оңтүстік өз рөлін күшейтуде. Бұл да мәдени тәуелсіздік пен экономикалық, саяси бөлу үрдісінің бір белгісі.
Қазақстанның болжамды позициясы
Қазақстан – геосаяси тұрғыдан маңызды, ресурсқа бай мемлекет. Жаңа әлемдік бөліну үрдісінде оның бірнеше мүмкін стратегиясы бар.
1. Тең қашықтық стратегиясы – Қазақстан Батыс пен Глобалды Оңтүстік арасындағы тепе-теңдікті сақтап, екі тараппен де экономикалық, технологиялық және әскери ынтымақтастық жүргізеді. Бұл стратегия санаулы елдерге ғана тән, бірақ Қазақстанның аймақтық беделі мен тәуелсіз сыртқы саясатына сәйкес келеді.
2. Глобалды Оңтүстікпен бірігу – Азияның дамушы экономикалары мен ресурстық блоктарымен ынтымақтастықты тереңдету. Бұл бағыт технологиялық тәуелсіздікке және ішкі нарықтарды қорғауға мүмкіндік береді.
3. Батыспен серіктестік сақтау – инвестициялар мен технологиялық трансферді қолдау үшін Батыспен байланыстарды үзбеу. Бұл стратегиялық ресурстар мен қауіпсіздік мәселелерінде теңгерімді сақтау үшін маңызды.
Қазақстан үшін басты міндет – көпвекторлы дипломатия және тәуелсіз шешім қабылдау қабілетін сақтау, өйткені жаңа әлемдік панаймақтық құрылымда тек күшті және икемді мемлекеттер ғана өз мүдделерін қорғай алады.
Өмір Шыныбекұлының Фейсбуктегі парақшасынан
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде электронды шылым шеккендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын тыйым салынды
■
Жаратылыстың кездейсоқ жаратылмағандығы туралы гипотеза математикалық дәлелін тапты
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды