Google Maps пайдаланушыларға қараңғы көшелерді көрсетеді
|
Google Maps бета-нұсқасының кодында қараңғы көшелерді көрсететін жаңа функция анықталды. Карталарда жарық беру дәрежесі — жарықтан әлсіз деңгейге дейін градация енгізіледі. Жаңа мүмкіндік туралы әзірге ресми түсініктеме жоқ.
XDA сарапшыларының айтуынша (Android үшін әзірлеушілер қауымдастығы) Google Maps-та жаңа қабаттың пайда болуы турлы белгілер анықталған. Ол қай көшенің жарық екенін көрсетіп, оны сары түспен бейнелейді. Бұл функция жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалуға мүмкіндік береді — осылайша, адамдар қараңғы көшелерді де біле алады.
Функция әлі ресми расталмаған және қолданушыларда жаңа қабаттың скриншоттары жоқ. Табылған кодқа қарағанда, ол қосымшада жақын айларда пайда болады. XDA Development сарапшылары функция үшін сынақ полигоны Үндістан болады деп болжайды, себебі, дәл осы елде шабуылдардың ең жоғары көрсеткіштерінің бірі байқалады, бұл туралы жергілікті БАҚ-тар жиі хабарлайды.
Зерттеушілер Google-дің көше жарығының жағдайы туралы ақпаратты қалай жинайтынын әлі білмейді. Инфрақұрылым туралы мәліметтер әр елде әр түрлі болады, сондықтан компания жол-көлік оқиғалары сияқты пайдаланушылар ұсынған деректерді жинауы мүмкін.
Бұған дейін Google Maps жаңа функцияны ұсынды — енді пайдаланушылар жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын көреді және олар көрсеткен бағыт бойынша жүре алады. Онда тарихи ғимараттар, серуендеу маршруттары, барлық көшелер мен мекемелерді қамтуға болады.