Дубайда 2026 жылы әуе такси қызметі іске қосылады
|
Ол электр энергиясымен жүреді, деп хабарлады 24.kz
Тікұшаққа қарағанда 100 есе тыныш. Аэротаксилер үшін шаһарда бірнеше инфрақұрылымдық нысан, әуежай тұрағы мен арнайы қауіпсіздік жүйесі құрылады. Биліктің сөзінше, такси қызметінің құны лимузинді жалға алумен бірдей. Оның бағасы сағатына 100 АҚШ долларынан бастап 200-ге дейін жетеді. Қазір әуе таксиі америкалық компания тарапынан сыналып, сертификаттаудан өтіп жатыр.
Шанхайда жүргізушісіз такси қызмет көрсетеді
Шанхай көшелерінде өздігінен басқарылатын такси қатынайды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл әзірге сынақ ретінде іске асырылады. Шаһар тұрғындары мен қонақтары мұндай көлік қызметін тегін пайдалана алады. Негізі Қытайдың Ухань қаласында да жүргізушісіз басқарылатын такси жүреді. Жоба 2022 жылы іске қосылған. Жуырда жария етілген баяндамаға сәйкес, 2 жыл ішінде өзі жүретін көліктер жол апатынсыз 100 миллион шақырым қашықтықты еңсерген екен.