Доңыздан адамға жұғатын тағы бір аса қауіпті бактерия табылды
Доңыздан адамға жұғатын тағы бір аса қауіпті бактерия табылды
2 жыл бұрын 1783 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі соңғы 50 жылда мал шаруашылығында MRSA супербактериясының антибиотикке төзімділігі жоғары штаммының, метициллинге төзімді Staphylococcus aureus пайда болғанын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған eLife мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай қауіпті қоздырғыштың пайда болуына доңыз шаруашылығында антибиотикті  кеңінен пайдаланылуы себеп болған. CC398 деп аталатын штамм соңғы 50 жыл ішінде еуропалық жануарлар өндірісіндегі MRSA-ның басым түріне айналды. Ғалымдардың мәлімдеуінше, доңыз бойындағы аталған аса қауіпті бактерияның таралуы өз кезегінде адамдардың алтын стафилококті жұқтыру көрсеткішін арттырған.  Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, CC398 қоздырғышының бактерияның антибиотикке төзімділігін ондаған жылдар бойы сақтап келе жатыр. Бұдан бөлек, ол жұққан адам организіміне тез бейімделіп, төзімділіін сақтап қала алатын «қасиетке» ие болған. Мұның ең қауіпті жағы – доңызбен контактіде болмаған аадамдарға да жұға беретіндігінде болып тұр. Яғни, оны доңыздан жұқтырған адам келесі адамға оңай жұқтыра алады. MRSA алғаш рет 1960 жылдары науқастардан табылды. Антибиотиктерге төзімділігіне байланысты штаммды емдеу басқа бактериялық инфекцияларға қарағанда әлдеқайда қиын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы MRSA-ны адам денсаулығына қауіп төндіретін әлемдегі ең ауыр қауіптердің бірі деп санайды.

Ұқсас материал:

«Доңыздан адамға жұғатын аса қауіпті супер бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/donyzdan-adamga-jugatyn-asa-qauipti-super-bakteriya-tabyldy-16706/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат