Биылғы қажылықтың басты ерекшелігі
Биылғы қажылықтың басты ерекшелігі
1 жыл бұрын 1515 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Байқайсыздар ма, биыл пандемиядан кейін алғаш рет қажылар қарасы көбейгеніне қарамастан кептеліс пен жаншылу болған емес. Бұған Саудия билігінің осы заманғы озық технология көмегімен қалың нөпірді қатерге ұрындырмай қажылықтың ойдағыдай өтуіне сеп болғаны себеп болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ArabNews дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Саудияның ішкі істер министрлігі деректер және жасанды зерде жөніндегі арнайы құрылған басқармамен бірігіп, қажылардың қозғалыс кезіндегі қауіпсіздігін AI технологиясының көмегімен қамтамасыз етті. Дәлірегі, жасанды зерде көмегімен қажылар қозғалысын реттеу арқылы кісі өлімі орын алу қатері жоғары кептеліс пен жаншылудың алдын алды. Яғни, жаcанды зерде технологиясымен жабдықталған бақылау камералары қолданылды. Сөз орайы келгенде өткен жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионаты кезінде де жанкүйерлер мен туристер қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АІ технологиясының көмегіне жүгіну арқылы жаншылу қатерінің алдын алған болатын.

0 пікір
Мұрағат