Бетіне қатқан мұзды өзі ерітетін асфальт жасалды
|
Қытай ғалымдары асфальтпен араластырғанда қарды ерітетін қоспа жасады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қоспа қыста жол-көлік апатына жол бермес үшін жолға шашылатын тұз бен құм қоспасына балама бола алады. Ол жолда мұздың қатуына қарсы агентті (затты) өздігінен шығарады. Зерттеушілер мұз қатуына қарсы жиі қолданылатын хлоридсіз, ацетат негізіндегі тұзды әзірледі. Хлориді жоқ тұз қоршаған ортаға және көлік түрлеріне соншалықты зиянды емес. Сонымен қатар, олар төмен температурада тиімдірек жұмыс істейді. Үлкен тас жолдың жиегіне салынған жол жолағында жүргізілген сынақтар жаңа қоспамен араласқан асфальттың үстіне түскен қардың еруіне себеп болатынын дәлелдеді. Судың қату температурасы бір уақытта 0 ° C-тан -21 ° C-қа дейін төмендейді. Зертханалық зерттеу нәтижесі көрсеткендей, модификацияланған асфальт 7-8 жыл бойы жолды мұздан тазарту қасиетін сақтайды. Ацетат негізіндегі тұздың хлоридтерге қарағанда үш негізгі артықшылығы бар. Біріншіден, олар мұз пайда болатын температураны төмендетеді. Екіншіден, олар басқа заттарға қарағанда коррозияны (тозып, шіруді) тудырмайды. Үшіншіден, қытай химиктері шайылып кетпейтін және ұзақ уақыт бойы іс жүзінде тұтынылмайтын тұзды жасай алған. Қоспаның сыры – асфальттағы минералды қоспаның орнын басады, оның құрамына кіреді, сыртына құйылмайды. Ол үшін тұзды натрий гидрокарбонаты, кремний диоксиді және домна пешінің шлактары араластырды. Алынған ұнтақ полимермен өңделіп, асфальт қоспасына құйылатын капсулалар жиынтығы алынды.