Арықтауға арналған қант пайда болды
Арықтауға арналған қант пайда болды
2 жыл бұрын 1055 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Семіздік індетінің етек алуына себеп болып отырған тәттіні алмастыратын зат табылды. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейлік Вят мемлекеттік университетінің ғалымдары көміртекті қанттың баламасы бола алатын, дәлірегі, қантты алмастыратын, алайда, денсаулыққа зияны жоқ тәтті браззеин ақуызын алуға қол жеткізген. Ол біз тұтынып жүрген кәдімгі қанттан 2000 есе тәтті болып келеді. Браззеин өндірудің жаңа технологиясы тағамдағы «жасырын қанттың» мөлшерін азайтуға көмектеседі және семіздікпен күресуге айтарлықтай үлес қосады, деп санайды ғалымдар. Аталған жоғарғы оқу орнының проректор Сергей Литвинец: «біздің көздегеніміз - ең тәтті ақуызды алуға емес, нәтижесінде алынған өнімнің өзіндік құнын төмендететін технологиялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған», деп отыр. Осылай деп мәлімдеген ғалым «бірінші кезеңде протеиндік инженерия әдістерін қолдана отырып, біз сахарозадан 2000 есе тәтті браззеиннің мутант формаларының биосинтезі үшін генетикалық конструкцияларды алдық», деп сөзін жалғады. Келесі кезекте ғалымдар бразцеинді оқшаулау мен тазартудың тиімді технологиясын әзірлемек. Бұл бағыттағы барлық жұмыстар университеттің «Денсаулық сақтау технологиялары» стратегиялық жобасы аясында жүзеге асырылуда. 

0 пікір
Мұрағат