Анасы дене шынықтыру сабағы үшін қызына әлемге әйгілі брендтен кем түспейтін спорт киімін тігіп берді
Анасы дене шынықтыру сабағы үшін қызына әлемге әйгілі брендтен кем түспейтін спорт киімін тігіп берді
5 жыл бұрын 2575 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нәзира Бематтың қызы мектеп қабырғасында өтетін дене шынықтыру сабағында басындағы шәлісі жаттығуға кедергі келтіретін қолайсыздығын айтып анасына шағымданады. Осындай қолайсыздықтан орамал тағатын құрбы қыздары да дене шынықтыру сабағына ықылассыз қатысады немесе қатыспайды. Мамандағы пиар-менеджер Нәзира сауда-саттықта шариғат талабына сай дене шынықтыру сабағына киетін киімнің жоғын ойлап әрі спорт десе, ішкен асын жерге қоятын қызының меселін қайтарғысы келмей спорттық хижабты өзі тігуге кіріседі. Hijab Active хижабы осылайша пайда болады. Оның қолынан шыққан спорттық хижаб спортшыларға арналған, шариғат табалына сай киім тігетін әлемге әйгілі Nike брендінен кем түспейді. Тіпті, артық жері бар:  Nike  брендіне қарағанда бағасы екі есе арзан әрі сапасы мен дизайны жағынан да, ауа өткізетін ерекшелігімен де кем түспейді. Оған Розина есімді дизайнер құрбысы қолұшын берген екен. Мектеп қабырғасында өтетін дене шынықтыру сабағына арналған шариғат талабына сай киім тігуге. Бұл жайында Metro.co.uk ақпарат көзі хабар таратты.

Школьница в хиджабе от Назиры Бемат 

Мектеп оқушысы Нәзира Бемат

0 пікір
Мұрағат