Әлем бойынша тұшшы су қорларының орын ауыстыруы (видео)
Әлем бойынша тұшшы су қорларының орын ауыстыруы (видео)
7 жыл бұрын 6815 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда адамзат қарасының бірнеше миллиардтан асып, табиғи реурстарға деген қажеттілік артты әрі сонымен бір мезгілде табиғи ресурстар тапшылығы (мәселен, азық-түлік, шикізат, т.б.) орын алуда. Бұл өз кезегінде ресурсқа деген талас-тартысты күшейтіп, геосаяси ахуалға тікелей өз әсерін тигізуде. Су - тіршілік көзі. Бұл анықтаманың мағынасы кең: адам өмірі мен денсаулығының кепілі, энергия көзі, ең бастысы - табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайтын күш. Әлемде ішуге жарамды тұшшы судың мөлшері әлемдік мұхит суына шаққанда 3-4 пайыздан аспайды. Соның өзі адамзаттың өмір сүруіне жетіп жатыр. Десе де су тапшылығы өндірісі дамыған кейбір елдер мен құрғақшылық жайлаған аймақтарды күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналған. Бқған қоса, жаһандық жылынуға байланысты тұшшы су қорының белгілі бір бөлігі сақталған мұздақтар еріп, жылдан жылға кеміп келеді. NASA ғалымдары ғаламдағы тұшшы су қорының табғи жолмен қалай орын ауыстыратынын бақылаған екен. Әсіресе, қазіргідей су тапшылығы белең алған тұста тұшшы су қорының орын ауыстыруы климаттың өзгеруіне көп ықпалын тигізбек. Бұл өз кезегінде жаппай қоныс аудару, миграция, т.б. әлеуметтік проблемаларды тудырады. GRACE миссиясы жинаған деректерге қарағанда, құрғақшылық жайлаған өңірлерден онсыз да молынан жеткілікті өлкелерге қарай ығысуын адамның әрекетінен көріп отыр. Тарқатып айтқанда, Gravity Recovery And Climate Experiment (GRACE) — жердің гравитациялық аумағын зерделеуге бағытталған кешенді бағдарлама. 2002 жылы NASA орбитаға екі бірдей спутникті ұшырды. Екеуінің арасындағы арақашықтық арқылы жер гравитациясын әрі сонымен бір мезгілде су массасының қалай орын ауыстыратынын қадағалайды. Соңғы 14 жылда GRACE жинаған мәліметтерді талдаған NASA мамандары бұл мақсатта өзге жасанды жер серіктерін осы мақсатта пайдаланып қоймай, сонымен қатар, ирригациялық карталарды, адам факторын ескере отырып, судың неліктен орын ауыстыратынын анықтамақ болған еді. "Біз бірінші рет бірнеше спутникті пайдалана отырып тұшшы су қорына қалай қол жеткізуге болатынын анықтамақ болдық. Біздің негізгі мақсатымыз: табиғи жолмен орын ауыстыру мен адам факторның әсерімен орын ауыстыру арасында қандай айырмашылық барын түсінуге тырыстық",- деді аталған жоба авторларының бірі Мэтт Роделл (Matt Rodell). Соңғы 14 жылдың ішінде тропикалық және жоғары ендікте тұшшы судың қоры молайған, ал орташа ендікте азайған. Аталған зерттеу жұмысын жүргізіп жүргендердің бірі Джей Фамильеттидің (Jay Famiglietti) айтуынша, бұл ескермесе болмайтын гидрологиялық үлкен өзгеріс. Десе де оның сөзіне қарағанда, бұл құбылыстың негізгі себебі әлі анықталған жоқ. Мәселен, Африка құрлығындағы ірі өзендердің бірінен саналатын Замбези өзеніндегі су мөлшері 2006-2016 жылдар аралығында 29 гигатонға артқан. Қызық болғанда, сол ауданды құрғақшылық жайлаған. Ал Саудия  2002—2016 жылдар аралығында 6 гигатонн жерасты суды жоғалтты. Өйткені, адам суды жер бетіне шығарды. Қажеттілік үшін. Мұндай жағдай Қытайда да кездеседі: Синцзян провинциясында суды құрғақшылық жайлаған аудандарға айдаған (шаруашылық мақсатта), алайда, су рәсуа болып, бу болып ұшып кеткен. Сол себепті, ғалымдар, суды абайлап, үнемдеп пайдалануға кеңес беруде. Алдағы уақытта Үндістанның оңтүстігінде, қытайда, Таяу шығыста және Каспий теңізі маңында тұшшы су қоры көп азаяды. 

0 пікір
Мұрағат