Ыстықкөлде ұлттық нақыштағы инновациялық қала салынады
Ыстықкөлде ұлттық нақыштағы инновациялық қала салынады
1 жыл бұрын 1583 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Giimann / Artstation

Қырғызстан аумағында, дәлірегі, туристер ағылып баратын Ыстықкөл маңында ұлттық саз аспабын (қомуз – қобыз) еске түсіретін инновациялық қала салынады. Бұл жайында islam.kz порталы Қырғыз республикасы президентінің president.kg сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болашақта Асман деп аталатын, жалпы аумағы төрт мың гектарды алатын, 500-700 мың адамға шақталған аталмыш қаланың іргетасы қаланды. Құрылыс жұмыстары 7-9 жылда аяқталуы тиіс жоспар бойынша. Өзгеше жоба авторларының идеясына сәйкес болашақ қаласы озық білім беру жүйесін енгізіп, заманауи бизнес орталықтары мен банктерді, сондай-ақ, туристік және спорттық инфрақұрылымды қамтиды. Бұған қоса, абаттандырылған аумақтар мен саябақтар қарастырылған. Сонымен қатар, қырғыз билігі Асманды экологиялық жағынан таза қала мәртебесіне сай етуді көздеп отыр: онда қоршаған ортаға зиянсыз, яғни, атмосфераға парникті газ бөлмейтін экологиялық таза көліктер пайдаланылуы керек, ал өндірісте жасыл энергия көздері мен ресурстарды оңтайлы тұтыну принципі қолданылады.

0 пікір
Мұрағат