|
Ыстамбұлда жер асты мешіті тұрғызылды
|
Сәулетші Емре Аролат көзге үйреншікті сәулет үлгісіне мүлдем келмейтін ерекше жобаны жүзеге асырды: шаһар маңындағы Бююкчекмедже елдімекендегі мешіттің тек күмбезі ғана жер бетінде орналасқан. Оның өзі сұр тастардан қаланғандықтан зер сала қарамаған адамға байқала бермейді.
Ғибадат ғимаратының іші жұпынылығымен әрі жинақылығымен ерекшеленеді: онда көз тартатын, көңіл аударатын артық-ауыс нәрсе жоқ. Еденге төселген кілемнің өзі ою-өрнектен жұрдай.
Мешіттің сәнін келтіріп тұрған жалғыз нәрсе – қара шынылы қабырғадағы жарқырап тұрған сүрелер ғана.
Сәулетшінің сөзіне қарағанда, Санчаклар мешітін салуға Пайғамбарымызға (Алланың сәлемі мен иглігі жаусын!) уахи келген үңгір қанат бітіріп, шабыттандырған көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Қытайлар 3D принтерде басып шығару жылдамдығы бойынша рекорд орнатты
■
Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды