Виртуалды ақшаға арналған жаңа жүйе құрастырылды
Виртуалды ақшаға арналған жаңа жүйе құрастырылды
6 жыл бұрын 5065 inform.kz Айкүміс Болатбек

Кембридж университетінің ғалымдары виртуалды ақшаға арналған блокчейннен де қауіпсіз жүйе құрастырылғанын хабарлады. Ғалымдардың мақаласы Proceedings of the Royal Society A. ғылыми журналында жарияланды.

Мақала авторларының жазуынша, ғалымдар квантты физика принциптерін қолдану арқылы қауіпсіз жүйені құрастырған.

«Блокчейн жүйесі виртуалды валюта ұрлығын азайтады. Себебі, бірнеше компьютерде транзакциялар туралы ақпарат көшірмесі сақталып тұрады. Яғни, бір компьютерде ақпаратты өзгерту жағдайы болған жағдайда, жүйе ол туралы біліп отырады. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, бұндай жүйенің өзі сенімді емес екенін көріп жүрміз» деп жазады автор.

Кембридж университетінің профессоры Эдриан Кент виртуалды ақшаны қауіпсіз транзакциялаудың жаңа әдісін ойлап тапқан. Ол валютаның жаңа типін S-money деп атады. Бұл жүйе операцияларды өте жылдам орындауға септігін тигізеді.

«Тұтынушы туралы ақпарат жасырын болады және арнайы математикалық конвертпен арнайы хаттамада А нүктесінен В нүктесіне жіберіледі. Бұл жағдайда ақша туралы ақпарат өзгертілмейді және тек бірінші тарап берген кілт арқылы ғана екінші тарап ақшаны ала алады. Тіпті, екі тараптың бірі алдауы мүмкін жағдайда да транзакция қорғалып тұрады», деп жазады автор.

Дегенмен, автордың айтуынша, бұл жүйені енгізу өте көп шығынды қажет етеді. Соған қарамастан зерттеушілер биыл технологияны сынақтан өткізеді.

0 пікір
Мұрағат