|
Үш күн қатарынан қытай ақшасының құнсыздануы белең алды
|
Baq.kz. Қытай валютасының құнсыздануы тек іргедегі ғана емес, көрші мемлекеттердің де экономикасына зиянын келтіруде, деп хабарлайды 24.kz.
Әсіресе бұл жағдайға Жапония үкіметі қатты алаңдаулы. Өйткені аз уақыт аралығында Токио биржасындағы акциялар бағасы бірден 400 сатыға төмендеп отыр.
Токио биржасындағы Никкейдің негізгі индексі осымен үшінші күн тоқтаусыз төмендеуде. Соңғы сауда нәтижесінде ол 20392 нүктесіне тоқтады. Яғни бір күн ішінде 300 сатыға төмен түскен. Мұны өз пайдасына жаратқысы келген инвесторлар жаппай әртүрлі компаниялар мен корпорациялардың акцияларын саудаға шығара бастады. Сәйкесінше, бұл түптеп келгенде қос ел экономикасының бюджетіне салмақ салды.
Ститистикаға сенсек, күншығыс еліне өткен жылы 10 миллионнан астам саяхатшы келген. Оның 2,5 милионы қытайлықтар. Яғни былтырдың өзінде аспан асты елі саяхатшылары мұндағы дүкендерде 5 млрд долларын қалдырған. Келушілер қарасының көптігі, әсіресе, иеннің арзауынынан кейін қатты байқалды. Қытай елі болса, валюта құнын отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында өзгерткені белгілі. Алайда жергілікті тұрғындар жапон тауарларын алудан бас тартпайтындарын айтады.
Менгьюан Хуан, Қытай тұрғыны:
- Тауарлардың сәл де болса қымбаттағанын байқадым. Бірақ бұл менің сауда жасауыма еш кедергі болмайды.
Сию Ву, Қытай тұрғыны:
- Юаннің арзандауы жапон тауарларының қымбаттауына әкелсе, туризм саласы тұралап қалады.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жапон өндірушілерінің индекс бағасы бір жылдың ішінде 3%-ға төмендеген. Алайда ресми Токио әліптің артын бағып, әзірге ешқандай амал-айла қолданған жоқ. Тек қаржы министрлігінің өкілі Жапония Банкінің алдағы саясатын саралай келе, әйтеуір бір шара қолданатынын мәлімдеді.