|
Тяньцзиньдегі жарылыс салдарынан 10 мыңнан астам көлік өртенді
|
Қытайлық Тяньцзинь қаласындағы жарылыс салдарынан шамамен 10 мыңнан астам көлік өртенді, - деп хабарлады China Daily.
Ең көп зардап шеккендер Volkswagen мен Renault болды. Неміс концерні 2748 автомобилін, ал француздық компания 1500 астам өнімін жоғалтты.
Сонымен қатар келтірілген залал туралы Honda мен Mitsubishi хабарлады. Осыған дейін келтірілген шығын туралы Toyota, Mazda және Subaru хабарлаған.
Еске сала кетейік, 12 тамызда Тяньцзинь қаласында жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша 55 адам қаза тапты және 700-ден астамы жапа шекті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті