Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына «қыр соңына түсу» ұғымы енгізілуі мүмкін
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына «қыр соңына түсу» ұғымы енгізілуі мүмкін
5 жыл бұрын 2534 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына түзету енгізуді ұсынды. Дәлірегі, аталмыш заң жобасында «қыр соңына түсу» ұғымы енгізілуі мүмкін және мұндай ұғым енгізілген жағдайда мұндай әрекетке жауапкершілік қарастырылады. Аталмыш заң жобасы авторларының бірі Оксана Пушкинаның айтуынша, бұл бастама аталмыш құжатты дайындаудың соңғы кезеңінде ескерілетін болады. Бұл арада «қыр соңына түсу» ұғымына «жәбірленуші қаламаса да оған бірнеше рет сес көрсету» жатқызылатыны айтылған. Бұл адамды іздестіру, телефон соғып келіссөздер жүргізу, үшінші жақ арқылы байланысқа шығу немесе жұмыс орнына (оқу орнына, тұратын мекеніне, т.б.) барып байланыс орнату, т.б. секілді әрекеттер. Яғни, аталмыш термин бойынша жапа көрген адамның үрейге бой алдыруына себеп болатын кез келген әрекет жатқызылады. Сондай-ақ, аталған заң жобасында қуғындаушы адамға өзі жәбір көрсеткен тұлғаға жақындауға тыйым салатын талап та енгізілмек. Бұл тыйым 30 күнге немесе бір жылға дейін салынуы ықтимал. Бұл тыйымды бұзғандар әкімшілік, қайталанған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

0 пікір
Мұрағат