Түркияның газ хабы жобасына оппозиция қарсы шықты
Түркияның газ хабы жобасына оппозиция қарсы шықты
2 жыл бұрын 812 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Yves Herman / Reuters

Түркиядағы президент сайлауының 1-ші турында Режеп Тайып Ердоғанның (49,51 пайыз дауыс) айқын жеңіске жетуіне жол бермеген басты қарсыласы немесе бәсекелесі Кемал Қылышдароғлы (суретте - 44,88 пайыз дауыс) елде қазіргі Түркия президентінің бастамасымен қолға алынып жатқан газ хабы жобасына неге қарсы екенін Youtube арнасынан Babala TV эфирінде мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Саяси додада бақ сынаған түрік оппозициясының басты өкілінің айтуынша, Түркия Ресейден мұнай-химия және алюминия өнеркәсібі бойынша технологиялық инфрақұрылымға қол жеткізгенімен Түркияның Ресейге экономикалық жағынан көп кіріптар болғанын қаламайды. Бұл жайт Түркияның қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті қадам екенін жеткізді. «Сіз Ресей Федерациясымен газ хабын құру туралы келісім жасасқаныңызды айтасыз. Қазір Түркия энергия жағынан Ресей Федерациясына 30-40 пайыз тәуелді болса, хаб құру арқылы тәуелділік 70-80 пайызға дейін артады. Бұл жеңіліс! Біз жеңілеміз!», деп мәлімдеді ол. Саясаткер Шығыс Жерорта теңізіндегі кен орындарынан көгілдір отынды газ хабын пайдаланбай Еуропа елдеріне жеңілдікпен сатуды ұсынды. Бұған дейін Түркияның Энергетика министрі Фатих Дөңмез газ хабын бір жыл ішінде іске қосуға уәде берген болатын. Аталмыш жобаның арқасында Еуропа елдеріне көбірек газ сатуға және «Түркияға қатысты энергия көздерін әртараптандыруға» болады.

0 пікір
Мұрағат