Түркияда аса ірі алтын кен орны табылды
Түркияда аса ірі алтын кен орны табылды
4 жыл бұрын 1985 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Суретте: Мұстафа Баранық. Фото: Globallookpress.com

Түркияның шығыс аумағынан жалпы құны бір миллиард доллардан асатын алтын кені табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Twitter әлеусеттік желісіндегі аталған елдің өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Баранықтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің айтуынша, Агра провинциясына қарасты Моллакар елді-мекені маңынан алтын өндірумен айналысатын Koza Altin компаниясы аса ірі құнды металл кенін тапқан. Аталмыш кен орнындағы алтын қоры 20 тоннаға жетеді, ақшаға шаққанда 1 млрд 200 млн доллар, бұдан бөлек, 2,8 млрд долларға бағаланған 3,5 тонна күміс кені де табылған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы он шақты жылда Түркиядағы алтын өндірісіне тартылған инвестиция мөлшері төрттен бірге артқан. 2020 жылы 18 шахтадан 42 тонна бағалы металл өндірген, ал биыл бұл көрсеткішті 45 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Байқасаңыздар, соңғы жылдары қаржы тапшылығы иектеген Түркияда пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстары қарқын алып келеді.

Ұқсас материалдар:                                    

«Түркия аумағынан аса ірі алтын кен орны та»ылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-aumagynan-asa-iri-altyn-ken-orny-tabyldy-video-14574/#gsc.tab=0);

«Түркияның алтын қоры» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyanyn-altyn-qory-14754/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат