Түркия зілзалада қанша адамынан айырылып, қанша шығын көрді
|
Түркия жойқын зілзаладан тартқан зияны 84 млрд долларға жетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның кәсіпкерлерконфедерациясы келтірген дерекке жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыг конфедерация есебі бойынша бұл көрсеткіш жылпы ішкі өнімнің шамамен он пайызына тең. Оның 70,8 миллиард доллары тұрғын үйлерге келтірілген залал болды. Сондай-ақ, ел бюджетінің кірісі 10,4 миллиард долларға азайып, жұмыс күшінің шығыны 2,9 миллиард долларға жеткен. Ал Anadolu ақпарат агенттігінің табиғи апаттың зардабын жою қызметіне жөн сілтей отырып таратқан хабарынша, жер сілкінісі болған Түркияның оңтүстік-шығыс аймағындағы опат болғандар қарасы 31 643 адамға жеткен. Ал Сирияда зілзаладан бақилық болғандар саны 8 жарым мыңнан асып кеткен.