Түркия Байрақтарды жаңа қожайынына қарсы қолданатын шешім қабылдады
Түркия Байрақтарды жаңа қожайынына қарсы қолданатын шешім қабылдады
2 жыл бұрын 1501 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия соққы беруші Bayraktar дронын қажет болған жағдайда жаңа иелеріне (сатып алған тарапқа) қарсы бағыттайды. Дәлірегі, Түркия қауіпсіздігіне қатер төндірген жағдайда аталған ұшқышсыз ұшатын аппаратты пайдалануына құқық беретін шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Baykar Technology компаниясының жетекшісі Селжүк Байрақтарға жөн сілтеген Yeni Akit ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол Түркия билігінің Bayraktar беспилотнигін сатып алушы жақпен келісім-шартқа отырар кезде ұшқышсыз ұшақтардың Түркияға қарсы пайдаланылмайтыны жөнінде уағдаласатынын мәлімдеді. Дегенмен, аталмыш аппаратты құрастыратын Түркия елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін опцияны дрон бағдарламалық құралына енгізілгенін атап өтті. Дәлірегі, түріктердің аппараты Түркияның өзіне қарсы қолданылса, дронды Түркияға қауіп төндірген сол елдің өзіне бағыттайтын бағдарламамен жасақтаған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің флагманы атанған ASELSAN компаниясы таяуда аса ірі мәмілеге қол жеткізді. Дәлірегі, 59,4 млн еуроға бағаланатын келісімге қол қойды. Өнім 2024 жылы жеткізіледі.  Алайда, тапсырыс берген тарап пен нақты қандай қару түрлері бойынша келісімге келгенін құпия ұстап отыр. Мемлекеттік тапсырыстармен қатар ASELSAN өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығарады. Сонымен бірге, азаматтық секторда ASELSAN өнімдері енгізілуде. Компанияның қызмет саласы байланыс және ақпараттық технологияларды, микроэлектрониканы, радарлар мен электрондық әскери жүйелер өндірісін, қорғаныс технологияларын, көлік, қауіпсіздік, энергетиканы қамтиды.

0 пікір
Мұрағат