Түріктердің KEMANKEŞ 1 шағын, қанатты, «ақылды» зымыраны соңғы сынақтан сәтті өтті (видео)
Түріктердің KEMANKEŞ 1 шағын, қанатты, «ақылды» зымыраны соңғы сынақтан сәтті өтті (видео)
1 ай бұрын 578 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның Baykar компаниясының білікті мамандары құрастырған, жасанды зерде технологиясымен жабдықталған Bayraktar KEMANKEŞ 1 шағын, қанатты зымыраны соңғы сынақтан сәтті өтті. Бұл жайында islam.kz порталыөз кезегінде аталған компанияның директорлар кеңесінің  жетекшісі Селжүк Байрақтардыңң әлеуметтік желідегі аккаунтына жөн сілтеген kibrisgazetesi.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. KEMANKEŞ 1 стратегиялық нысананы жоюға арналған. KEMANKESH 1 Bayraktar AKINCI соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппаратынан, Bayraktar TB2 және Bayraktar TB3 ұшу аппараттарынан ұшырылуы мүмкін. Бір сағат бойы әуеде бола алатын шағын, «ақылды», қанатты зымыран өзінің реактивті қозғалтқышының арқасында жылдам қозғалады және қарсыластың артындағы ең қауіпті мақсаттарға қарсы тиімді. Сонымен қатар, ол жасанды зердемен автопилот жүйесі арқылы дербес ұша алады. Жасанды зерде технологиясымен өзінің оптикалық бағыттау жүйесінің арқасында KEMANKESH 1 көзделген нысананы «жазбай» таниды және қолайсыз ауа-райында да оны толық дәлдікпен жоя алады, күндізгі және түнгі жағдайларда жұмыс істей алады және өзін құмықтырып істен шығарудан қорғайтын технологияның арқасында электрондық тосқауылды еңсереді. KEMANKESH 1 өзі қосылған платформамен тікелей көріну шегінде толық байланысты қамтамасыз етеді. Осылайша, ол алынған барлық телеметриялық ақпаратты және камерадан суретті платформа арқылы жердегі басқару стансасына беру арқылы деректерді қадағалауға мүмкіндік береді. Шағын, «ақылды», қанатты зымыранның байланыс қашықтығы 100 шақырымды құрайды, ал жедел қашықтығы - 150 шақырым, ең жоғары ұшу салмағы - 40 келі және 5 келіге дейінгі жүкті өзімен бірге алып жүре алады. KEMANKESH 1 алғаш рет Ататүрік атындағы әуежайда өткен TEKNOFEST 2023 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды. Ол өзінің алғашқы сынағынан 2023 жылдың маусым айының орта шенінде өтті: Bayraktar TB2-дан ату сынағы сәтті аяқталды.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4